423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перудің оңтүстігінде автобус апатынан 16 адам қаза тапты

  • 483
  • UPD: 12:24, 07.01.2020
Перудің оңтүстігінде автобус апатынан 16 адам қаза тапты

Перудің оңтүстігінде автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан 16 адам қаза тауып, 50-ге жуық азамат жарақаттанды. Қазір зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Панамерикана Сур магистралінде болған. Лимадан Арекипаға бағыт алған автобус жолда 8 минивэнмен соқтығысыпты. Мәлім болғандай, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған.

Хабар 24 телеарнасы