375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде рождестволық құлшылық ету шарасы 475 шіркеуде өтті

  • 195
  • UPD: 13:34, 07.01.2020
Мәскеуде рождестволық құлшылық ету шарасы 475 шіркеуде өтті

Ресейде Рождество мерекесінде шіркеудегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге төтенше жағдай министрлігінің 11 мың қызметкері жұмылдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ел аумағындағы он мыңға жуық ғибадатханада қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылады. Мәселен, Мәскеуде рождестволық құлшылық ету шарасы 475 шіркеуде өтті. Осыған байланысты қала орталығындағы басты көшелер жабылған. Ал қоғамдық көліктер әдеттегіден ұзағырақ жұмыс істеді. Мәскеудің орталық шіркеуіне мыңдаған адам жиналып, мінажат етті. Дәстүр бойынша бүкіл Русь және Мәскеу патриархы Кирилл ғибадатханаға жиналған халықпен бірге Құдайға құлшылық ету рәсімін өткізді. Ол мерекелік құттықтауында христиандарды жүректерін мейірімділік нұрына бөлеуге шақырды.

Блиц 1:

- Бәріміз жиналып, діни мерекені атап өтіп жатырмыз. Себебі ол бірлік пен береке мейрамы.

Блиц 2:

-Бұл мен үшін рухани қуаныш сыйлайтын мереке. Ол мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптейді.

Хабар 24 телеарнасы