376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Иран министріне виза беруден бас тартты

  • 320
  • UPD: 13:44, 07.01.2020
АҚШ Иран министріне виза беруден бас тартты

АҚШ БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі отырысына қатыспақ болған Иранның сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифке виза беруден бас тартты.

Бұл туралы «Рейтерс» ақпарат агенттігіне белгісіз болып қалуды қалаған америкалық шенеунік хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін Америка Ирак аумағында генерал Касем Сулейманидің көзін жою операциясын өткізген еді. Осы оқиғаға байланысты Зариф пен Иранның бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары Құрама Штаттардың әрекетін қатты сынға алған болатын. Ал Иранның жоғары басшысы аятолла Али Хаменеи Сулейманидің өлімі үшін Америкадан кек алуға уәде берді.

Хабар 24 телеарнасы