424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

SpaceX орбитаға 60 жерсерік шығарды

  • 539
  • UPD: 14:09, 07.01.2020
SpaceX орбитаға 60 жерсерік шығарды lenta.ru

SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран-тасығышы орбитаға 60 Starlink жерсерігін сәтті шығарды.

Бұл туралы компанияның Twitter-аккаунтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz «Лента.ру» басылымына сілтеме жасап.

Орбитаға шығарылған жерсеріктер 290 шақырым биіктікте болады және жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етеді.

Falcon 9 6 қаңтарда 21:19-да жергілікті уақыт бойынша ұшты. Оның бірінші сатысы (бұрындары үш рет қолданылған) Атлант мұхитындағы Of Course I Still Love You («Әрине, мен сені әлі де сүйемін») платформасына қонды.

SpaceX жаһандық интернетпен қамтамасыз ету Starlink бағдарламасын 2015 жылы таныстырған еді. Ол 12 мыңға жуық жерсеріктерді іске қосуды жоспарлаған: 1,1-ден 1,3 мың шақырым аралығындағы биіктікте 4425 құрылғы және 335-тен 346 шақырымға дейінгі биіктікте 7518 аппарат. Жүйенің мәлімделген өткізу қабілеті бір пайдаланушыға секундына бір гигабитті құрайды. Жүйенің өткізу мүмкіндікгі бір қолданушыға секундына бір гигабайт болады.

Хабар 24 телеарнасы