431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта АҚШ базасына зымырандармен соққы берілді

  • 470
Иракта АҚШ базасына зымырандармен соққы берілді © EPA-EFE/STRNGER

Иракта АҚШ базасына қанатты және баллистикалық зымырандармен соққы берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пентагон өкілі Джонатан Хоффманның мәлімдеуінше, ол Иран аумағынан жасалған. Белгілі болғандай, әл-Асад базасына ондаған зымыран құлаған. Шабуыл Иранның әскери генералы Касем Сулейманиді жерлеу рәсімінен кейін бірнеше сағат өте жасалыпты. Әзірге Америка тарапынан қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Бірақ Ирак жағынан қаза тапқандар болуы мүмкін. Өз кезегінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришамның мәлімдеуінше, Дональд Трамп болған оқиғадан хабардар. Президент аймақтағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр екен.

Хабар 24 телеарнасы