426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

IKEA компаниясы үстіне жиһаз құлаған баланың отбасына 46 млн доллар төлейді

  • 929
  • UPD: 11:05, 08.01.2020
IKEA компаниясы үстіне жиһаз құлаған баланың отбасына 46 млн доллар төлейді bbc.com

Шведтік жиһаз өндіруші IKEA компаниясы үстіне Malm тартпасы құлап қайтыс болған екі жасар баланың ата-анасына 46 млн доллар төлемек, деп хабарлады bbc.com.

Оқиға 2017 жылдың мамыр айында Калифорнияда болған. Екі жасар Джозеф Дудек үстіне салмағы 32 кг болатын тартпа құлап қайтыс болған.

«Қайғылы жағдайдың орнан ешқандай өтемақы баса алмаса да, біз отбасы мүшелерімен сот процесінің нәтижесінде келісімге қол жеткізгеніміз үшін ризамыз. Біз жаһаздардың адам өміріне қауіпсіз болуын шешуді жалғастырамыз», - деді Швед концернінің өкілі.

Мұндай тартпа тағы үш баланың өліміне себеп болған.

«Біз екі жасар баланың 76 см биіктіктегі тартпаны құлатып, оның астында қалып қоюы мүмкін екенін елестете алмадық. Тек содан кейін ғана жиһаздың орнықсыз екенін байқадық. Мұндай оқиғаның басқа отбасыларда қайталанғанын қаламаймыз», - деді.

Сонымен қатар компания дәл осындай тартпа алған адамдарды оны қайтаруға шақырды.

2016 жылы IKEA қауіпсіздік мақсатында Солтүстік Америкада сатылған миллиондаған Malm тартпаларын компанияға қайтарып беруге шақырған болатын. Бұл шешім осындай жиһаздың кесірінен үшінші бала қайтыс болғаннан кейін қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы