448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда құлаған украиналық ұшақ сынықтарынан студенттің жазбасы табылды

  • 592
  • UPD: 17:55, 08.01.2020
Иранда құлаған украиналық ұшақ сынықтарынан студенттің жазбасы табылды © twitter.com/Iranian_RCS

Құтқарушылар Имам Хомейни әуежайының маңында құлаған украиналық ұшақтың қирандылары арасынан ирандық студенттің жазбасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Telegram мессенджеріндегі Мash арнасына сілтеме жасап.

Жазбада ол Құдайдан емтиханын сәтті тапсыру үшін көмек сұраған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың көбі канадалық студенттер болған. Олар украиналық әуе жолын арзан болғандықтан таңдапты. Студенттер 8 қаңтарда таңертең Рождествоға берілген демалыстан кейін оқуға оралмақ болған.

Бұған дейін әуе апатынан жеті елдің, соның ішінде Канада, Иран, Украина, Германия, Ұлыбритания, Швеция және Ауғанстан азаматтары қаза тапқаны белгілі болған.

Boeing 737 бортында барлығы 168 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты.

Бортында 180 жолаушы болған Украина лайнері Тегеран әуежайында апатқа ұшырады. Әуе кемесінің құлау сәті видеоға түсіп қалған.

Қызыл Жарты ай өзінің Twitter-дегі парақшасында Тегерандағы украиналық ұшақтың құлаған орнынан суреттер жариялады.

Тегеран әуежайынан шыққаннан кейін апатқа ұшыраған украиналық Boeing-737 ұшағындағы барлық жолаушы қаза тапты.

ҚР СІМ Иранда құлаған ұшақ ішінде қазақстандықтардың болмағандығын растады.

Тегеранда апатқа ұшыраған ұшақ 3 жарым жыл уақыт қолданыста болған.

 

Хабар 24 телеарнасы