379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирактағы АҚШ-тың әскери базаларына соққы жасалды

  • 479
  • UPD: 17:58, 08.01.2020

Иранның Ирактағы АҚШ нысанына ұшырған зымырандары әскери базаның адамдар жоқ аумағына түкен.

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Айта кетейік, Иран АҚШ-тың әл-Асад базасы мен Эрбильдегі нысанына баллистикалық зымырандармен соққы берген болатын. Жалпы Анбар провинциясындағы әл-Асад әуе базасы Ирактағы ең ірі әскери база.

2014-2017 жылдары онда «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» бекінген. Ал Эрбиль қаласындағы база жартылай автономды күрд ауданында орналасқан.

Еске сала кетейік, АҚШ күрд жасақтарымен бірге «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қарсы әскери операция жүргізген болатын.

Хабар 24 телеарнасы