Ресей президенті Владимир Путин іссапармен Түркияға барды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сапар барысында Ресей басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, TurkStream газ құбырын іске қосу салтанатына қатысады. Екі ел басшылары өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдары мен өзекті халықаралық мәселелерді соның ішінде Сирия мен Ливиядағы ахуалды талқылайды.