375,77 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ кез келген елмен бейбіт келісімге дайын – Трамп

  • 555
  • UPD: 09:47, 09.01.2020

АҚШ кез келген елмен бейбіт келісімге дайын. Президент Дональд Трамп Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты үндеуін жолдауында осылай деп мәлімдеді. Алайда «Иран билігіне мен президент болып тұрғанда ешқандай ядролық қаруды иеленуге жол берілмейді» деп қайырды. Одан әрі Ақ үй басшысы өткен түні Иран күштерінің Ирактағы АҚШ базаларына жасаған шабуылдан ешбір американдлық сарбаз жапа шекпегенін атап өтіп, «мен Тегеранның оқыс әрекеттің үлкен соғысқа әкелетінін түсінгенін байқадым» деді. Осыдан кейін НАТО-ға Таяу Шығыстағы жағдайға белсене араласу қажет екенін атап өтті. Ал қалған алпауыт елдерге «Иранның ядролық ұстанымы қаншалықты қауіпті екенін түсінетін уақыт жетті» деді.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Біз Иран халқының клешегі жарқын болғанын және өзге әлеммен бейбіт өмір сүргенін қалаймыз. АҚШ бейбітшілікке ұмтылған кез келген мемлекетпен тату-тәтті өмір сүруге дайын.

Алайда Президент Дональд Трамп Иранмен қатынасты әскери жолмен шешпеуге ниетті екенін айтып отыр. Бірақ Вашингтон Тегеранға санкцияларды күшейтетінін жеткізді. Ал Ақ үй басшысының халыққа үндеуіненн кейін Конгрестің өкілдер палатасы президент Трамптың Иранмен соғыс жүргізу құқығын шектеуді дауысқа салмақ ойда.

Хабар 24 телеарнасы