429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде толассыз жауыннан кейін су тасқыны жүрді

  • 399
  • UPD: 08:40, 09.01.2020
Перуде толассыз жауыннан кейін су тасқыны жүрді

Перудің оңтүстігі мен орталығында толассыз жауған жауыннан су тасқыны жүрді. Салдарынан тұрғын үйлер мен жолдарды су басып қалған.

Метеороргтардың хабарлауынша бұл тарихта 2002 жылдан бері ең көп түскен нөсер болып отыр. Перудің Куско қаласында жаңбыр лай аралас тасқынға ұласқан. Пунода Келламайо өзені арнасынан тасып, он шақты тұрғын үйді су басқан. Ал Паскода су тасқыны тіпті медииналық ғимараттардың ішіне кірген.

Айта кетейік, Перуде қазір нөсер маусымы қызып тұр. Ақ жауын өңірде сәуірге дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы