Украина президенті Владимир Зеленский Тегеранда МАУ компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 9 қаңтарда Украинада аза тұту күні деп жариялады.
Бұл туралы Украина басшысының ресми сайты хабарлады.
Бұл күні барлық тулар төмен түсіріліп, көңіл көтеруге бағытталған іс-шаралардың бәрі тоқтатылады.