379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тель-Авив әуежайында Boeing 737 ұшағының қозғалтқышы өртенді

  • 216
  • UPD: 11:19, 09.01.2020
Тель-Авив әуежайында Boeing 737 ұшағының қозғалтқышы өртенді

Израиль астанасындағы әуежайда Rwanda Air әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағының қозғалтқышынан өрт шықты, деп хабарлады sputniknews.kz.

«Решет-бет» радиостанциясының хабарлауынша, қозғалтқыш 8 қаңтар, сәрсенбіге қараған түні тұтанған. Boeing 737 Бен-Гурион әуежайынан Руанда астанасы Кигалиге ұшпақ болған. Лайнердің қозғалтқышы техникалық ақаудың салдарынан өртенген.

Ұшақ бортында 100-ден астам жолаушы болған. Жолаушылардың барлығы Израиль азаматтары. Олар шұғыл түрде ұшақтан түсіріліп, терминалға қайта оралған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы