376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таяу Шығыстағы түйінді түйткіл Арменияға қалай әсер етпек?

  • 156
  • UPD: 12:56, 09.01.2020

Армения премьер-министрі Никол Пашинян тараптарды Таяу Шығыстағы шиеленісті бейбіт түрде шешуге шақырды. Жалпы аймақтағы ахуал Иран елінің ең жақын көршісі - Арменияға қалай әсер етуі мүмкін? Осыған байланысты шығыстанушы Виктория Аракелова өз пікірін білдірді.

Аракелованың айтуынша, Арменияға қауіп төнді деп айту әлі ерте. Себебі Ереван жанжалға түскен екі тараппен де достық қатынаста.

Виктория аракелова, Ресей-Армения университеті Шығыстану институтының профессоры:

- Аймақтағы жағдай өте күрделі.  Жалпы мәселе тек Иранның ұстамсыздық көрсетуінде емес. Түйткіл - мемлекеттің агрессияға жауап беруінде. Меніңше, АҚШ базаларына ұшырылған зымырандар алдын ала жоспарланған шара емес. Керісінше жағдайға байланысты тез арада жасалған қадам.

Хабар 24 телеарнасы