376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль АҚШ пен Иранның текетіресін бақылап отыр

  • 303
  • UPD: 12:58, 09.01.2020

Израиль елі АҚШ пен Иран арасындағы жанжалды жіті бақылап отыр. Әскери бөлімдер жауынгерлік дайындықты пысықтап,  шабуыл бола қалған жағдайда тойтарыс жасауға дайын.

Ливанмен іргелес Солтүстік әскери округ жоғары дайындықты бастады. Әуе шабуылдарынан қорғану жүйелері мен авиация да сақадай сай тұр. Үкіметтің әскери-саяси жиындары өтіп, онда шабуыл жасалған жағдайда Израиль қалай жауап беретіні пысықталды. Егер Тегеранға тәуелді Хезболла жасағы шоғырланған Ливаннан шабуыл жасалса қарымта жауап беріледі. Ал Иран өз аумағынан соқса, Израиль сүңгуір қайықтарынан зымырандармен атқылауы мүмкін. Ұшақтармен Иранға шабуыл жасау қиын, себебі арақашықтық екі жарым мың шақырым әрі өзге елдердің әуе кеңістігін ұшып өтуі тиіс. 

Александр Гринберг, шығыстанушы :

- Әскер сақадай сай тұр, бірақ Израильге шабуыл жасалмайтын сияқты. Өйткені Иран билігінің мәлімдеуінше, олар алдымен АҚШ-тан кек алуды көздейді.

Дегенмен, Иран Израильді де нысанаға алуы әбден мүмкін. 

 

Беньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Президент Трамптің табанды, мықты және тез әрекеті мақтан тұтарлық. Тағы да қайталап айтам, Израиль терроризмен күресте АҚШ-ты бір ауыздан қолдайды және өзімізді қорғау үшін аянбаймыз. 

Сарапшылардың пікірінше, бұл шиеленіс соғысқа ұласпайды. Өйткені АҚШ-тың әскери-техникалық әлеуетін  Иранмен салыстыруға келмейді. 

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы