431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда ауаның ластануынан көлік қозғалысына шектеу қойылды

  • 346
  • UPD: 16:55, 09.01.2020
Италияда ауаның ластануынан көлік қозғалысына шектеу қойылды

Италияның ондаған қаласы автокөлік қозғалысына шектеу қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша жергілікті билік атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін азайтпақ. Себебі соңғы күндері елдің солтүстігінде ауа сапасы күрт нашарлап кетті. Оған желсіз ауа райы түрткі болған көрінеді. Милан мен Италияның солтүстігіндегі басқа да қалаларды қалың тұман тұмшалаған. Ал ауадағы зиянды заттар шекті нормадан асып кеткен. Осыған байланысты Турин билігі кешеден бастап 2013 жылға дейінгі көліктердің қатынауына тыйым салды. Дәл осындай шара Пьемонтта орналасқан елді мекендерде де қабылданды.

Айта кетейік, Италияда ауаның сапасы Батыс Еуропадағы ең төмен көрсеткішке ие.

Хабар 24 телеарнасы