428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен Иран келіссөз жүргізуге ниет білдірді

  • 1043
  • UPD: 16:33, 09.01.2020
АҚШ пен Иран келіссөз жүргізуге ниет білдірді

АҚШ Иранмен шиеленісті жою үшін ешқандай талапсыз келіссөз жүргізуге дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Вашингтон БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жіберген хатында мәлімдеді. Құжатта АҚШ генерал Касем Сүлейманиге қарсы операцияны қорғану үшін қолға алғанын айтқан. Ақ үй сондай-ақ қажет бола қалған жағдайда Таяу Шығыста қосымша қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратынын ескертіп отыр. Ал ресми Тегеран Америка 2015 жылғы ядролық келісімге қайта оралса ғана диалог жүргізетінін айтады. Бұл туралы Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахт-Раванчи мәлімдеді. 

Хабар 24 телеарнасы