432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джастин Трюдо: Ұшақты Иранның зымыраны атып түсірген

  • 639
  • UPD: 07:24, 10.01.2020
Джастин Трюдо: Ұшақты Иранның зымыраны атып түсірген

Тегеранда бірнеше күн бұрын апатқа ұшыраған Украинаның Boeing ұшағы Иран күштері зымыранмен атып түсірген.

Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо осылай деп мәлімдеді.

Ақпарды Ұлыбритания тарапы да растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лайнерге зымыран абайсызда тиюі мүмкін деген болжам бар. Канада «оқиғаның анық-қанығына көз жеткізбейінше тынышталмаймыз» деп отыр. Ал Иранның азаматтық авиация ұйымы бұл болжамды «негізсіз» деп жоққа шығаруда. Тегеранның мәлімдеуінше, әуе көлігі көкте техникалық ақаудан жанып барып жерге құлаған.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Тегеранның халықаралық әуежайынан ұшып шыққан 176 жолаушысы бар Украинаның Boeing-737 ұшағы апатқа ұшарып, барлық адам қаза тапқан болатын.

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:

- Қолда бар мәліметтерге қарағанда, оның ішінде біздің одақтас елдің барлау қызметтерінің ақпарлары да бар, ұшақ Иранның зымыранымен атып түсірілген. Айғақтар жер ауа санатына жататын зымаран қолданылғанын көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы