Балкан түбегінде орналасқан мемлекет бұл лауазымды 30 маусымға дейін атқарады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл уақыт аралығында Хорватия үкімет басшысы Брюссель мен Люксембургте Еурокеңестің отырыстарын өткізеді. Сондай-ақ одаққа мүше елдердің министрлерімен Загреб қаласында бейресми кездесулер ұйымдастырады. Республика алғаш рет бұл халықаралық ұйымда төрағалық етіп отыр. Және қызметі Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу, яғни брексит үдерісіне тұспа-тұс келген. Жарты жылдан кейін төрағалық ету лауазымына Германия елі келеді.