426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралиялықтар: Біз бар байлығымыз – табиғат ананың өлуіне жол бердік

  • 1243
Австралиялықтар: Біз бар байлығымыз – табиғат ананың өлуіне жол бердік BBC.com

Австралияда мыңдаған тұрғын биліктің климат өзгеруіне қатысты саясатына наразылық танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуілге шыққан жұрт үкіметтің орман өртімен күрестегі дәрменсіздігіне налып отыр. Бүгінде бірнеше айға жалғасқан қызыл жалын 10,3 миллион гектар жасыл желектің күлін көкке ұшырып, ауаны ластап барады. Ереуілшілер Сиднейдегі басты жолдарды басып алған. Қолдарына «Бізді тозақтан құтқарыңдар» деген ұрандары бар. Сондай-ақ ауасы ең лас қалалар тізіміне кірген Канберра мен Мельбурнда да наразылық акциялары өтті. Тұрғындар премьер-министр Скотт Моррисонның өткен жылы БҰҰ Париж климаттық келісіміне қатысты міндеттемелерін әлсіреткеніне ашулы. Айта кетейік, Австралиядағы орман өртінен 27 тұрғын қаза тапты. Миллиардтаған жануар қырылып қалған.

БЛИЦ:

– Еліміздегі ормандар өртеніп, ауа ластанып жатқанда билік үнсіз отыр. Климаттың өзгеруіне де немқұрайлық танытты. Бай мемлекеттердің бірі болғанымызды қайтейін, үкіметтің саясаты ақсап тұрса.

– Мен жаңалықтарды қарағым келмейді. Біз бар байлығымыз – табиғат ананың өлуіне жол беріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы