429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британияның Brexit-ке байланысты шығыны $170 миллиардқа жетті

  • 450
  • UPD: 17:20, 11.01.2020
Британияның Brexit-ке байланысты шығыны $170 миллиардқа жетті pereprava.org

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына байланысты экономикалық шығыны 170 млрд долларға жетті.

Бұған Bloomberg Economics зерттеуі дәлел болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Brexit-тегі экономикалық шығындар 130 млрд фунтқа жетті (170 млрд доллар). Осы жылдың соңында тағы 70 млрд фунт қосылады деп жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Bloomberg болжамы бойынша, Ұлыбританияның Brexit-тен экономикалық залалы 265 млрд долларға жетеді.

Еске салайық, қаңтарда Ұлыбритания парламент қауымы палатасы Еуроодақтан шығу туралы келісімді қарауды толықтай аяқтап, оны қолдап дауыс берді.

Енді Біріккен Корольдіктің ЕО-дан шығуы туралы заң жобасы Лордтар палатасында дауыс беруден өтуі тиіс. Бұл келісім таяу аптада заңды күшіне енеді деп күтілуде.

 

Хабар 24 телеарнасы