376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ АҚШ пен Иранды Таяу Шығыстағы шиеленісті тоқтатуға шақырды

  • 214
  • UPD: 18:49, 11.01.2020
Еуроодақ АҚШ пен Иранды Таяу Шығыстағы шиеленісті тоқтатуға шақырды

Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері АҚШ пен Иранды Таяу Шығыстағы шиеленісті тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуроодақтың дипломатия басшысы Жозеп Боррель «бұл ретте Тегеран бірлескен іс-қимылдар жоспары аясындағы міндеттемелерін орындауы тиіс», дейді.

Жозеп Боррель, Еуроодақтың дипломатия басшысы:

- Біз Иранның жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспары шарттарын толықтай орындауға шақырамыз. Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік Иранның әрекетіне бақылау жүргізуді жалғастырады деп сенеміз. Еуроодақ елдерінің министрлері Таяу Шығыстағы шиеленісті тарқату үшін маған барлық тараппен келіссөздер жүргізуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы