411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда әуе соққысынан 17 адам қаза тапты

  • 359
  • UPD: 09:56, 12.01.2020
Сирияда әуе соққысынан 17 адам қаза тапты

Сирияның солтүстігіне жасалған әуе соққыларынан 17 бейбіт тұрғын мерт болды. Тағы 50-ге жуық азамат жарақат алды.

Марқұмдар арасында балалар да бар. Белгілі болғандай, соққы Идлиб қаласының бірнеше ауданы мен 11 елді мекенге берілген. Оны Башар Асад режиміне қарасты қарулы күштер жасапты. Аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр.

Айта кетейік, Сириядағы азаматтық соғыс 2011 жылы басталды. Содан бері жүз мыңдаған адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы