418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирандағы Британия елшісі ұсталды

  • 535
  • UPD: 08:13, 12.01.2020
Ирандағы Британия елшісі ұсталды

Ұлыбританияның Ирандағы елшісі Роберт Макэр 11 қаңтарда Тегеранда ереуіл ұйымдастырғаны үшін бірнеше сағатқа ұсталды.

Ақпаратқа сәйкес, Иран украиналық ұшақты атып құлатқанын мойындағаннан кейін бір топ студент университет алдына наразылық шеруге шыққан.

«Макэр университет алдындағы шерушілер арасында болды. Елші наразылық шарасына қатысушыларды радикалды әрекет жасауға шақырғаны үшін айыпталды», — деп хабарлайды Tasnim агенттігі.

Дипломат бірнеше сағаттан кейін босатылды, бірақ ертең қосымша түсініктеме беру үшін қайта шақыртылатын болады.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы