418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Иранды британдық елші үшін кешірім өтінуге шақырды

  • 524
  • UPD: 12:52, 12.01.2020
АҚШ Иранды британдық елші үшін кешірім өтінуге шақырды CNN

АҚШ Мемлекеттік департаменті Тегерандағы наразылық шеруі кезінде Британия елшісі Роберт Макэрді ұстағаны үшін Иранды кешірім өтінуге үндеді.

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Морган Ортагус твиттерде жазды: «Ұлыбритания елшісінің құқығын бұзғаны үшін Иранды кешірім сұрауға шақырамыз, сондай-ақ дипломаттардың құқығын құрметтеуге үндейміз».

Еске сала кетсек, осыған дейін Иран билігі Ұлыбритания елшісі Роберт Макэрді «Тегерандағы наразылық шеруіне қатысты» деп айыптап, бірнеше сағатқа ұстаған болатын.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы