376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда кеме апатынан 12 адам қаза тапты

  • 229
  • UPD: 23:08, 12.01.2020
Грекияда кеме апатынан 12 адам қаза тапты РИА Новый День

Грекия маңындағы Пакси аралдарына жақын тұста заңсыз мигранттар отырған кеме апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 12 адам суға батып кетті. Бұл туралы Грекияның жағалау күзеті хабарлады. Бұған қоса, аталған күзет 21 адам құтқарғаны туралы мәлімет таратты.

Белгілі болғандай, кемеде 50-ге жуық адам болған. Сондықтан қазір апат болған болған аумақта іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған бірнеше кеме мен тікұшақ жұмылдырылыпты.

Хабар 24 телеарнасы