376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания Ирандағы елшісінің қамауға алынуын сынға алды

  • 256
  • UPD: 22:14, 12.01.2020
Ұлыбритания Ирандағы елшісінің қамауға алынуын сынға алды Корреспондент.net

Иранның құқық қорғау органдары Тегерандағы наразылық шаралары барысында Ұлыбритания елшісі Роберт Макэйрді бірнеше сағатқа қамауға алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дипломат үкіметке қарсы арандатушылық әрекеті үшін ұсталыпты. Мұны Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі растады. Осыған байланысты аталған ведомство басшысы Доминик Рабтың Тегеранның бұл әрекетін сынға алып, елшіні ешбір негізсіз қамауға алу халықаралық құқық нормаларын бұзу екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, кеше Иран билігі ұшақ апатын өз мойнына алған соң, елдің бірқатар қаласында жаппай ереуіл басталған еді. Көшеге шыққан жұрт үкіметке қарсы наразылықтарын білдіріп, биліктің отставкаға кетуін талап етті.

Хабар 24 телеарнасы