377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда мигранттар мінген қайық суға батып кетті

  • 178
  • UPD: 21:40, 12.01.2020
Түркияда мигранттар мінген қайық суға батып кетті

Түркияның батысында қайық суға батып, 11 заңсыз мигрант қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында балалар да бар. Мәлім болғандай, 19 босқын мінген кеме Измир провинциясы жағалауы маңында аударылып қалған. Сөйтіп, оқиға орнына жеткен Түркияның жағалау күзеті сегіз мигрантты құтқарып қалыпты.

Айта кетейік, Еуропаға пана іздеп ағылған босқындар кәрі құрлыққа жету үшін Түркияны негізгі транзит бекеті ретінде қарастырады. Түркия билігінің мәліметінше, өткен жылдың өзінде шекара аспақ болған 250 мыңнан астам заңсыз мигрант ұсталыпты.

Хабар 24 телеарнасы