423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Филиппинде жанартаудың атқылауына байланысты тұрғындар көшіріле бастады

  • 765
  • UPD: 08:28, 13.01.2020
Филиппинде жанартаудың атқылауына байланысты тұрғындар көшіріле бастады

Филиппинде Тааль жанартауы күл атқылай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты жергілікті билік Батангас провинциясындағы тұрғындарды шұғыл көшіре бастады. Мамандардың айтуынша, эвакуациялау жұмыстары бірден 3 қалада жүрген.

Айта кетейік, қазір Филиппиннің жанартаутану және сейсмология институты апатты аймақты жіті бақылап отыр. Олар Тааль жанартауының атқылау ықтималдылығын қауіптің үшінші деңгейіне көтерді.

Хабар 24 телеарнасы