375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада таралып кеткен жалған хабарлама тұрғындарды дүрліктірді

  • 220
  • UPD: 12:02, 13.01.2020
Канадада таралып кеткен жалған хабарлама тұрғындарды дүрліктірді

Канаданың Онтарио провинциясындағы ел бір дүрлікті.

Оған себеп, аймақ халқын сабырға шақырған хабарлама, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пикеринг қаласындағы Атом электр станциясында апат болды деп ақпар тарап, артынша әлгі мәліметтің қате екені анықталды. Рас, ұялы телефондарға ядролық нысандағы апат туралы туралы айтылып, бірақ төтенше жағдайлар қызметі зиянды заттар тараламағаны жеткізген. Ал екі сағаттан кейін алғашқы хабарламаның қате жіберілгені жайлы көпшілік құлақтандырылды. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

Айта кетейік, Пикерингтегі атом электр станциясы 1971 жылы іске қосылған. Онтарио көлінің жанында орналасқан бұл нысан әлемдегі ең ірі атом электр станциясының бірі болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы