431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Солтүстік Кореяға келіссөзді жалғастыруды ұсынды

  • 326
  • UPD: 15:23, 13.01.2020
АҚШ Солтүстік Кореяға келіссөзді жалғастыруды ұсынды

Вашингтон Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздану туралы келіссөзді қайта бастауды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі кеңесшісі Роберт О’Брайен мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон Пхеньянды Стокгольмдегі кездесуді жалғастыруға шақырған.

Айта кетейік, қос мемлекет арасында ядролық қарусыздану турлы келіссөз 2018 жылы басталған болатын. Бірақ былтыр қазан айында келіссөз нәтижесіз аяқталып, желтоқсан айында Солтүстік Корея Құрама Штаттармен диалогты жалғастыруға ниетті емес екенін жариялаған еді.

Хабар 24 телеарнасы