427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Ирландияда дауылдан 5 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды

  • 492
  • UPD: 15:16, 14.01.2020
Солтүстік Ирландияда дауылдан 5 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды

Солтүстік Ирландияның шығыс жағалауына «Брендан» дауылы соғып, 5 мыңнан астам тұрғын электр энергиясыз қалды.

Дүлей желге байланысты аймақта қауіптің деңгейі сарғылт түске дейін көтерілді. Кей өңірлерде көлік қатынасы қиындаған. Зардап шеккендер туралы ақпар жоқ. Қазір дүлей жел Англияның оңтүстік-шығысы мен Лондонға бет алып, өңірлерде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Ауа райын болжаушылар дауылмен бірге аймақтарда толассыз жаңбыр жауып, су тасқыны жүретінін ескертіп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы