376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гарри мен Меганді енді кім және қалай қаржыландырады

  • 346
  • UPD: 15:36, 14.01.2020

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ-немересі Гарри мен келіні Меганның үлкен үйден еншісін алып кетуін қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Өтпелі кезең бойынша жасалған келісімге сәйкес олар Канада мен Ұлыбританияның екі ортасында өмір сүретін болады.

Ұлы мәртебелінің иелігіндегі Сандрингем сарайы. Мұнда корольдік отбасының жоғары лауазымды мүшелерінің бәрі жиналды: Патшайымның ұлы Уильям, үлкен немересі Чарльз және Гарридің өзі. Тек кіші келіні Меган ғана жоқ. Ол қазір Канадада және телефон арқылы тілдесетін болады. Гарри мен Меган жаңаша өмір сүріп, қаржылай тәуелсіз болуды қалайды. 93 жастағы патшайым үшін шешім қабылдап, мәлімдеме жасау оңайға соққан жоқ.

«Біз олардың корольдік отбасының толыққанды мүшесі болғанын қалағанымызбен, бөлек өмір сүру туралы шешімін құрметтейміз және қабылдаймыз. Олар біздің отбасымыздың маңызды бөлігі болып қала бермек». 

«Мен анамды жоғалттым, енді менің әйелім сол ықпалды адамдардың құрбанына айналып бара жатқанын байқаймын» дейді Гарри ханзада. Бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірлеріне қол сұғуын тоқтатпақшы болған олар британиялық баспасөзді сотқа да берді. Еске салсақ, Гарридің анасы Уэльс ханшайымы Диана автокөлік апатында қайтыс болған еді. Өлімге соңдарынан аңдыған папарацци кінәлі деп шешті БАҚ өкілдері.

Питер Хант, корольдік отбасының шолушысы:

– 12 жаста болғанда, ол анасының табытының соңынан ерді. Ол өзін жаңа рөлде қабылдай алмады және қайғысы еселене берді. Бұл сезімдері Меганды кездестірген кезде тіпті күшейді. Гарри шешесімен болған жағдай әйелінің басына да түседі деп қорықты.

Жастардың мәлімдемесі қарапайым халықты да алаңдатпай қоймады. Британиялықтар Еуропа тарихының тереңінде жатқан отбасының шырқы бұзылды деп есептейді.

БЛИЦ:

– Мен олар туралы ештеңе айта алмаймын. Патшайым – шынымен де үлгі тұтарлық тұлға. Ал корольдік отбасының жас мүшелерін ондай атаққа қимаймын.

– Олардың әрдайым сын садағына іліне беретіндігі рас. Бірақ егер ресми өмір сүру салтынан бас тартса, жағдай басқаша болады. Жыл тақырыбы өзгергендігі мені қатты қуантады. Өйткені Брекситтен әбден шаршадым.

Олардың жаңа рөлі қандай болмақ және әулеттің басқа мүшелерімен қандай қарым-қатынас орнатады? Гарри мен Меганді кім, қалай қаржыландырады және олардың табыс көзі не болмақ? Көпшіліктің көкейінде мың сан сауал жүр.

Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы