430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда жүріп келе жатқан автобус жер астына түсіп кетті

  • 679
  • UPD: 17:37, 14.01.2020
Қытайда жүріп келе жатқан автобус жер астына түсіп кетті РИА Новости

Қытайда автобус опырылған жерге түсіп кеткен. Оқиға салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 13 қаңтарда кешкі уақытта Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясының Синин қаласындағы Қызыл Крест ауруханасының маңында болған.

Оқиға орнында түсірілген видео желіде жарияланды. Онда автобустың аялдамада тоқтап жатып, әп-сәтті асфальт опырылып, шұңқырға түсіп кеткенін көруге болады.

Бастапқыда 15 адамның ауруханаға түскені және 10 адамның із-түзсіз жоғалып кеткені айтылған. Қазіргі уақытта құтқарушылар алты адамның мәйітін тапқан.

Іздеу-құтқару шаралары жалғасатын болады. Опырылудың себебі тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы