443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испаниядағы химия зауытында жарылыстан 1 адам қаза тапты

  • 232
  • UPD: 08:49, 15.01.2020
Испаниядағы химия зауытында жарылыстан 1 адам қаза тапты

Испанияның Таррагона қаласында химиялық кластерде қуатты жарылыс болып, өрт шықты.

Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі ауыр жараланды. Жарылыстың дыбысы 50 шақырым жерге дейін естілген. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда өрт бірнеше шақырым қашықтықтан көрініп тұр. Таррагона – Испанияның солтүстік-шығысында орналасқан Каталония автономдық қоғамдастығындағы порттық қала. Мұнда 800 мың адам тұрады. 2015 жылдан бастап мұнда 1200 гектар аумақты алып жатқан өнеркәсіп кластері жұмыс істеп келеді.

Euronews

Хабар 24 телеарнасы