447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Tesla-ны автопилотқа қойып, тісін тазалаған жүргізуші жазаланды

  • 237
  • UPD: 14:19, 15.01.2020
Tesla-ны автопилотқа қойып, тісін тазалаған жүргізуші жазаланды

Канадада Tesla Model S көлігінің 58 жастағы жүргізушісі көлікті абайсыз тізгіндегені үшін айыппұл төлейтін болды.

Бұл туралы твиттерде Онтарио провинциясының полиция сержанты Керри Шмидт хабарлады.

Заң бұзушы көлікті автопилотқа қойып, арнайы жіппен тісін тазалаған. Гигиеналық тазалау кезінде көліктің жылдамдығы сағатына 135 шақырымға дейін жеткен.

Айта кету керек, Tesla көлігінде автопилотты толығымен пайдалануға әзірге рұқсат берілген жоқ. Автопилот тек қосымша опция ретінде қолданылады, бірақ сол кезде көлікті жүргізу үшін адамның өзі жауапты болады. 

Electrek

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы