428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Танымал америкалық актер өз-өзіне қол жұмсады

  • 656
  • UPD: 15:28, 15.01.2020
Танымал америкалық актер өз-өзіне қол жұмсады filmpro.ru

Америкалық актер, сценарист әрі режиссер Стэн Кирш Лос-Анджелестегі үйінен өлі күйінде табылды.

Алдын-ала болжам бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлады Fox News.

Актердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты оның жары Кристин Грин растады.

«Қымбатты достар, біз Стэн Киршті 11 қаңтарда қайғылы жағдайда жоғалтып алдық. Осындай қиын-қыстау кезеңде бізге түсіністік танытып, құрметтегендеріңіз үшін рахмет», - деп жазды жары актердің Facebook парақшасында.

Актер Нью-Йоркте дүниеге келген. Төрт жасынан бастап телевизиялық жарнамаларға түскен. Ол 52 жасында қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы