376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар ел Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ортақ механизмді іске қоспақ

  • 207
  • UPD: 18:07, 15.01.2020
Бірқатар ел Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ортақ механизмді іске қоспақ

Ұлыбритания, Германия және Франция Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспары аясында дауларды шешудің ортақ механизмін іске қосатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетсек, 2015 жылы бұл жоспарға осы еуропалық елдермен қатар Ресей, Қытай, АҚШ және Иран өкілдері қол қойған болатын. Бұл құжат дау шыққан жағдайда осы механизмді қолдануды қарастырады. Еуропалық елдерді бұл шараға баруына Иран билігінің осы жоспар бойынша міндеттемелерінен бас тартуы себеп болды. 

Жозеп Боррель, Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі:

– Дауларды шешу механизмінің мақсаты – қайтадан санкциялар салу емес. Ол Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы