376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда қатты дауылдан тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті

  • 123
  • UPD: 17:34, 15.01.2020
Ұлыбританияда қатты дауылдан тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті

Ұлыбританиядағы Брендан дауылының күшінен Слау қаласындағы көп қабатты үйдің шатыры ұшып кетті.

Бұл туралы Metro басылымы хабарлады.

Оқиға High Street көшесінде болған. Шатырдың астында микроавтобус қалып қойған. Оқиға орнына жеткен полиция ешкімнің ауыр жарақат алмағанын мәлімдеді.

Ғимаратта 200-ге жуық адам тұрады. Үйдің маңындағы барлық жолдар жабылды.

Ұлыбританиядағы жылдамдығы сағатына 140 км-ден асатын дауыл екі күннен бері басылар емес.

Хабар 24 телеарнасы