381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Путин Медведевке жаңа лауазым ұсынды

  • 343
  • UPD: 09:32, 16.01.2020
Путин Медведевке жаңа лауазым ұсынды ТВ Центр

Ресей үкіметі толық құраммен отставкаға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шешім Президенттің Федералдық жиынға жасаған үндеуінен кейін қабылданған. Өз жолдауында Владимир Путин Конституцияға өзгерістер енгізіп, тиісті референдум өткізуді ұсынған болатын. Премьер-министр Дмитрий Медведевтің айтуынша, үкімет Президентке бұл бағытта барлық қажетті шешімдер қабылдау үшін мүмкіндік беруі тиіс. Сол себепті де отставкаға кетуді ұйғарған. Отставканы Президент қабылдады. Енді жаңа министрлер кабинеті құрылғанша, 2018 жылдың мамырында құрылған үкімет өз міндетін атқара береді. Ал Владимир Путин Дмитрий Медведевке Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары қызметін атқаруды ұсынды. Алайда әзірге мұндай лауазым жоқ.

Хабар 24 телеарнасы