425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Идлибте атыс-шабыс қайта басталды

  • 494
  • UPD: 11:02, 16.01.2020
Идлибте атыс-шабыс қайта басталды

Сирияның Идлиб провинциясында қарулы қақтығыс қайта басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақта Ресей әскері көтерілісшілер басып алған бірнеше елді мекенге әуеден соққы жасаған. Осылайша, атыс-шабысты уақытша тоқтату жайында Ресей мен Түркия арасындағы жасалған келісім бұзылып отыр. Куәгерлер мен оппозиция өкілдері шабуылдардан ондаған адам мерт болғанын айтады. Олардың нақты саны белгісіз. Ал, Ресей тарапы болса, жасақтары «Әл-Каида» лаңкестік ұйымының шабуылына қарымта соққы жасағанын хабарлайды.

Айта кетейік, өңірдегі ұрыстан мыңдаған бейбіт тұрғын зардап шегуде. Аймақтағы босқындар баспаналарын тастап көрші елдерге сабылып жатыр. БҰҰ-ның мәліметінше, Идлиб провинциясынан 300 мыңнан астам адам Түркия шекарасына ағылған екен.

Хабар 24 телеарнасы