Полицейлер оны жағалауға жақын маңда қолға түсірген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тәртіп сақшыларының айтуынша, тексеріс кезінде кемеде 101 сириялық азаматтың бары анықталған. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар екен. Қазір босқындардың барлығы Протарастағы айлаққа жеткізілген. Енді олар Никосия маңындағы лагерьге жөнелтіледі.
Айта кетейік, соңғы уақытта Кипрге Таяу Шығыстан келетін мигранттар легі артқан. Өткен жылдың өзінде аталған аралға 1700-дей босқын келіпті.