432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда биыл Н1N1 вирусынан екі адам көз жұмған

  • 489
  • UPD: 13:23, 16.01.2020

Өткен жылғы қыс маусымы грузиялықтардың есінде ұзақ уақыт сақталары сөзсіз.

Себебі ел аумағында доңыз тұмауы дендеп, 20 адам көз жұмған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал биыл елдегі ахуал қандай?

Грузияда тұмау маусымы басталды. Ел аумағына негізінен вирустың В түрі тарап жатыр. «Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ», - дейді мамандар. Себебі, тұмауға шалдыққан тұрғындардың саны қауіпті межеге жете қоймаған. 

Паата Имнадзе, Қоғам денсаулығын бақылау жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы:

- Тұрғындардың 75-80%-і вирусының В түрімен ауырған. Ал 5%-і Н1N1 індетін жұқтырған.

Мамандар «биылғы тұмау маусымының қарқыны қатты емес», дейді. Бірақ соған қарамастан, Н1N1 вирусынан екі адам көз жұмыпты. Олар дер кезінде аталған індетке қарсы екпе алып, аурудан қорғанбаған көрінеді. Ал вакцинациялауға келер болсақ, биыл азаматтарға екпе салу рекордтық көрсеткішке жеткен.

Паата Имнадзе, Қоғам денсаулығын бақылау жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы:

- Жалпы мемлекеттік бағдарламамен 100 мыңдай азаматқа екпе салынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі жарым есеге көп. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Билік тарапынан осындай қаупсіздік шаралары қолға алынып жатқанымен, тұрғындарды вирустардың өзгеріп, тұмаудың жаңа түрінің пайда болуы алаңдатады.

Аслан Мехтиев, Тбилиси қаласының тұрғыны:

- Алып-қашпа әңгімелер көп. Оны не үшін шығаратындарын қайдам. Мүмкін корпорациялар әлдеқандай дәрі сатып жатқан болар.

Герда Чиурели, Тбилиси қаласының тұрғыны:

- Күйеуімнің инсульт алып, төсек тартып қалғанына 8 жыл болды. Сондықтан оған ауру жұқтырғымыз келмейді. Қауіпсіздік мақсатында бүкіл отбасымызбен екпе жасатып тұрамыз.

Ел аумағындағы барлық мекемелер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Десе де, сақтық шаралары жүргізіліп, балабақшаларда бүлдіршіндердің денсаулығы жіті тексерілмек.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы