423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дональд Трампқа қарсы импичментті енді Сенат қарайды

  • 384
  • UPD: 14:01, 16.01.2020
Дональд Трампқа қарсы импичментті енді Сенат қарайды

Президент Дональд Трампқа қарсы импичментті енді Сенат қарайды. АҚШ Өкілдер палатасы осы мәселені дауысқа салып, бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатты төменгі палатадағы 228 демократ қолдап, 193 республикалық қарсы шықты. Өкілдер палатасы Сенатта президент Трампты айыптайтын конгрессмендердің құрамын да бекітті. Бұл топты барлау комитетінің басшысы Адам Шифф бастаған.

Еске сала кетейік, Президент Дональд Трампқа қарсы ипмпичмент жариялауға былтыр оның Украина президентімен телефон арқылы сұхбаты түрткі болды. Себебі Ақ үй басшысы Украина басшысынан өзінің саяси қарсыласы Джо Байденнің ұлына қарсы тексеріс жүргізуді талап етіп, бұл елге бөлінген әскери көмекті тоқтатып қойған.

Митч Макконнелл, сенатор:

Қазір біздің мемлекет үшін қиын кезең. Сенаттың нағыз сыналатын уақыты. Жоғарғы палата бұл мәселені қарауда өзара тартысты тоқтатып, ұлттық мүдделерді қорғайды деп сенемін. Біз бұл мәселені аяғына дейін жеткізуіміз керек.

Жалпы импичмент процесі келесі аптада өтеді деп болжанып отыр. Алайда сарапшылар Сенат Өкілдер палатасының бастамасын қолдап, президент Трампқа қарсы сенімсіздік жариялауы екіталай деген пікірде. Себебі, Конгрестің жоғарғы палатасында республикалықтар басым дауысқа ие.

Хабар 24 телеарнасы