423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2019 жыл тарихтағы ең ыстық жылдардың бірі болды

  • 621
  • UPD: 17:54, 16.01.2020

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметі осындай. Ұйым өкілдері өткен жылда орташа ауа температурасы қалыпты нормадан 1,1 градусқа жоғарылағанын айтады.

Мамандар жаһандық температураның жылынуы алдағы уақытта да байқалатын болады деп дабыл қағуда. Салдарынан табиғат апаттары жиілеуі мүмкін. Естеріңізге салайық, аптап ыстық пен климаттың өзгеруі салдарынан биыл Австралиядағы орман өрті өршіп кеткен. Сонымен қатар ондаған адамның өмірін қиған тропикалық циклон мен алапат дауылдар жиіледі.

Хабар 24 телеарнасы