375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Единая Россия» партиясы премьер ретінде М.Мишустиннің кандидатурасын мақұлдады

  • 221
  • UPD: 17:52, 16.01.2020

«Единая Россия» партиясы премьер-министр ретінде Михаил Мишустиннің кандидатурасын бір ауыздуан мақұлдады.

Енді Мемлекеттік Дума дауыс беру керек. Жалпы 53 жастағы Мишустиннің кандидатурасын Президент ұсынған болатын. Мишустин 2010 жылдан бері Федералдық салық қызметін басқарып келеді.

Сарапшылардың айтуынша, оның арқасында 10 жыл ішінде Ресей салық қызметі ең озық әрі техникалық жағынан жақсы жабдықталған елдердің қатарына кірген.  

- Ресей үкіметінің отставкаға кетуі алғаш рет емес. Бастысы, президент орнында қалды. Сондықтан бәрі жақсы болады.

- Бұл бүгінгі қоғамның талабы шығар.

- Бізді өзгерістер күтіп тұр деп ойлаймын. Жалпы, өз басым бұған оң баға беремін. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше Владимир Путиннің Федералдық жиынға жасаған үндеуінен кейін Дмитрий Медведев үкіметтің отставкаға кететінін жария еткен болатын. Негізі Медведев министрлер кабинетін ең ұзақ басқарған саясаткер саналады. Нақтырақ айтқанда, ол премьер-министр лауазымында 7 жыл 8 ай қызмет еткен.

Хабар 24 телеарнасы