437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқан түбегіндегі елдерді түтін тұмшалады

  • 229
  • UPD: 22:08, 16.01.2020
Балқан түбегіндегі елдерді түтін тұмшалады

Балқан елдеріндегі ірі қалаларды түтін тұмшалап, халықтың наразылығын туғызып жатыр. Босния және Герцеговина астанасында ауаның ластануы қауіпті деңгейге жеткен.

Билік мәселемен күресу үшін шаһарда жүк көліктерінің жүруіне тыйым салды. Көшеде өтетін іс-шаралар тоқтатылды. Бірақ тұрғындар үкімет тек қысқа мерзімді шараларды қолға алып, биік ғимараттарды салу сынды негізгі мәселемен күреспей отыр дейді. Сербия мен Черногорияда да осындай жағдай. Осыған байланысты Тузлада беттеріне қорғаныш маскаларын киген жүздеген адам үкімет ғимаратының алдында шеру өткізді.

Владислав Владжич, Тузла қаласының тұрғыны:

- Билік ауаның ластануын ауа райындағы өзгерістермен түсіндіріп бағуда. Бірақ басты мәселе тұрғындардың көмір жағуында екені белгілі. Ал Үкімет бұл  мәселені шешу үшін қаржы бөлмей отыр.

Балқан елдері ауаның ластануынан зардап шегіп жатқанда Нидерланд ғалымдары түтінмен күресу үшін экомаска ойлап тапты. Ол адам дем алғанда ауаны тазалайтын ішкі желдеткішпен қамтамасыз етілген. Және тұтынушыға әр жердегі ауаның ластану деңгейі жайлы ақпарат беріп отырады.

Хабар 24 телеарнасы