376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дмитрий Медведев жаңа қызметке тағайындалды

  • 193
  • UPD: 23:52, 16.01.2020
Дмитрий Медведев жаңа қызметке тағайындалды

Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Дмитрий Медведев Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұл лауазым бұған дейін болмаған. Ол Президенттің жарлығымен құрылды. Естеріңізге сала кетсек, кеше Владимир Путиннің Федералдық жиынға жасаған үндеуінен кейін Дмитрий Медведев үкіметтің отставкаға кететінін жария еткен болатын. Бүгін Мемлекеттік Дума бір ауыздан Премьер-министр лауазымына Михаил Мишустинді бекітіп, Ресей президенті Владимир Путин тиісті Жарлыққа қол қойды. Михаил Мишустин 2010 жылдан бері Федералдық салық қызметін басқарып келген.

Хабар 24 телеарнасы