375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда ауқымды операция кезінде мафия мүшелері ұсталды

  • 172
  • UPD: 08:36, 17.01.2020
Италияда ауқымды операция кезінде мафия мүшелері ұсталды

Италия полициясы ауқымды операция жүргізіп, 94 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрықталғандардың барлығы мафиямен тығыз байланыста болған. Олардың арасында мафиялық екі топтың басшылары, нотариустер, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен қала мэрі де бар. Полицияның мәліметіне сай, қазір тұтқынға алынғандарға қарсы бірнеше іс қозғалған.

Атап айтқанда, мафия мүшелері заңсыз есірткі тасымалы, Еуроодақтан ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаржыны жымқыру мен бопсалау бойынша күдікке ілініп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы