376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде шетелдік демалушылар көне ғибадатхананы бүлдірді

  • 143
  • UPD: 08:35, 17.01.2020
Перуде шетелдік демалушылар көне ғибадатхананы бүлдірді

Перуде шетелдік туристердің заңсыз экскурсиясы депортациямен аяқталатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Мачу-Пикчу көне қаласында болған. Чили, Бразилия, Франция мен Аргентинадан келген 6 демалушы түнде ежелгі шаһар аумағына заңсыз өтіп кеткен. Сөйтіп тастардың бірін құлатқан. Салдарынан көне ғибадатхананың қабырғасы бүлінген. Енді 5 турист отанына депортацияланады. Ал біреуі әзірге Перуде қалады. Ол вандализм үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы Мачу-Пикчу ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген. Жергілікті жұрт арасында қасиетті орын саналады. Жыл сайын мұнда келетін туристердің саны миллионнан асады. Көне шаһарға жасалатын экскурсиялар қатаң бақыланады.

Хабар 24 телеарнасы